«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы басты назарда!

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын іске асыру барысында , яғни қазақ тілінің латын қаріпіне көшуі туралы ақпараттық – түсіндіру жұмысын Жангелді ауылдық кітапханашысы Арыстанова Рахима Мұсабекқызы әкімшілік және мектеп ұжымында өткізді. Бастысы, латын қаріпіне көшуді насихаттау емес, оның халық арасында қолдау табуына ықпал ету,жан—жақты ұғынықты тілмен түсіндіре отырып, ертеңгі күні нәтижесін көру болып отыр. Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесінде қазіргі заман талаптарына жауап беретін білімді, білікті жоғары деңгейде дарынды тұлға қалыптастыру, тәрбиелеу жолында қоғамға үлкен жауапкершілікті, жаңа міндеттерді жүктеп отыр.


Түсіндіру – насихаттау жұмысы барысында латын әріпіне көшу кезек күттірмес мәселе екені және де қазақ халқының алға жылжуына, жаңа зам ан талабына сай өсіп – өркендеуіне, болашақта еліміздің жан – жақты дамуына үлкен үлес қосып, жеңісін әкелетіні туралы толықтай ақпараттар берілді.


«Өткен тарихқа бұрылмай, болашағымыз болмайды» демекші латын әріпіне көшу – түбі бір, тарихы ортақ түркі халықтарымен жақындастырады,сонымен қатар латын графикасы жер жаhанға кең тараған ғаламтор арқылы ақпарат алуға және ғылым мен білім саласына қажетті, маңызды екені сөзсіз.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050», «Нұрлы жол», «Мәңгілік ел» сынды стратегиялардың жалғасындай болған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндап, алдымызға қойған міндеттері мен мақсаттары бүгінде бүкілхалықтық қолдау тауып, халық сеніміне зор серпін беретін бағыт екеніне сенімдіміз.


Осы бағыттар бойынша алдағы уақытта өткізілетін іс – шаралар легі, атқарылатын жұмыстар жоспарланып отыр.