Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар (2022 жылдың І жарты жылдығына арналған ақпараттық бюллетень)

Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар (2021 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған ақпараттық бюллетень)

Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар (2021 жылдың І жарты жылдығына арналған ақпараттық бюллетень)

Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар (2020 жылдың І жарты жылдығына арналған ақпараттық бюллетень)

Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар  (2020 жылдың ІІ жарты жылдығына арналған ақпараттық бюллетень)

 

 

 

Кітап сөрелеріндегі жаңа кітаптар

Құрметті орталық аудандық кітапхананың пайдаланушылары! Қалыптасқан дәстүр бойынша біз Сіздерді орталық аудандық кітапханаға жаңа әдебиеттермен танысуға шақырамыз! Ұсынылған басылымдар қазақ тіліндегі өлкетану және әдебиет бөлімінде орналасқан.

 

 

«Тарихи тұлғалар тағылымы» - белгілі зерттеуші, тарихшы, этнограф, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбайдың соны дүниесі. Бұған дейін де тарихи тақырыптарға қалам тартып, жұрт назарынан тыс қалып жүрген мәселелерді арқау етіп, ондаған кітаптардың авторы атанған ғалым бұл жолы айтулы тұлғалардың қазақ тарихындағы орны мен рөлін көрсетуге ұмтылған.

Тарихты тұлғалар жасайды. Ғасырлар қойнауынан суыртпақтап сыр тартқан тарихшы ұлы даланың әр кезеңде бой көрсеткен ұлы тұлғаларының өзіндік галереясын жасай отырып, олардың мәлім де беймәлім ғұмырлық ұстанымын, көзқарасын, сыр-сипатын, болмыс-бітімін аша түседі, халық жадында жаңғыртады.

Көркем ой, мағыналы сөз бен деректер негізінде өрілген бұл кітап қалың көпшілікке арналған.

 

 

2017 жыл еліміздің тарихына Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің 100 жылдығы болып енеді. Алаш арыстары Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік думасына депутат болып сайланып, кейін ірі елдік шаруаларға белсене қатысты. Олардың өмірі, қызметі, ұрпақтары туралы кітапта баяндалады.

Кітап мектеп, колледж, ЖОО оқушылары, студенттеріне, сондай-ақ алаш ардақтыларын тереңірек білгісі келетін қауымға арналады

 




Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың бес томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Соңғы соққы» романы берілді.

Туындыда Жетісу өңіріндегі жиырмасыншы жылдардың от-жалынға оранған күреске толы күндері кеңінен сипатталады. Ширыққан сюжетке құрылған кең ауқымды шығармада ел мен жер үшін күрескен тағдырлар тұлғасы дәуір мен деректің шындығы тұрғысында көркемдікпен суреттеледі.

Романның оқырманды бей-жай қалдырмасы сөзсіз.

 

 

Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты С. Досановтың он екі томдық шығармаларына тандамалы еңбектері енгізілді.

Жазушының І томына әңгіме, повестері берілген.

 

 

ҚР Мемлекетттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Әнес Сарайдың он жеті томдық шығармаларының екінші томына «Еділ бойы саздары» повесі мен бірнеше әңгімелері топтастырылды.

Жазушы өткен ғасырда қазақтың атақонысы болған Астрахандағы аз халықтың тіршілік тынысын, өмір өрісін шынайы суреттеген.

Тілі көркем, ойы анық шығармалар көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Қаламгердің 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың бірінші жартысында жазылған прозалық туындылары «Дүние-керуен» романы мен «Шырақшы Қалжігіт» хикаяты қырқыншы-елуінші жылдардағы ауыл адамдарының тағдыры, олардың жақсылық, ізгілік мұраттар жолындағы әрекеті, озбырлықпен күресі туралы тақырыпты қозғайды. Жазушының образ сомдаудағы шеберлігі кейіпкерлерінің болмысын шынайы да шұрайлы тілмен аша білуінен айқын көрініс тапқан. Бұл томнан сондай-ақ жазушының бірнеше әңгіме-фрескалардан тұратын «Ең таңғажайып әлем» автобиографиялық хикаятын да оқуға болады.

 

 

Жасушының бұл жинағына өнер және өнерпаздар туралы жазған әңгімелері, естеліктері және зерттеулері топтастырылды.

Ұлттық өңердің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан Сегіз сері, Ақын Сара, Әсет Найманбайұлы, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Күләш, Қанабек, Мұқан Төлебаев, Жамал Омарова, Рәбиға Есімжанова т.б. жайында тың ойлар мен пікірлер айтылады.

 


Маркиза Базарбайқызының бұл кітабы – ұрпақтың өз халқын қалай суюдің, Отанға қалай адал қызмет етудің, жер бетіндегі зұлымдықпен күресудің үлгісін көрсетіп кеткен ерлердің ерлік күндерін дәріптейді. Бұл кітап көпшілік қауымға арналады.

 


«Қазақ халқының тарихи тұлғаларың» қолдарыңыздағы бұл 3-кітабы бастан-аяқ тек қана адамзат тарихындағы  қасиетті аналарға, соның ішінде қазақтың абыз-аңыз аналары мен қалың елдің туы болып, көш бастаған, ұлттың ар-ұятына, махаббат символына айналған қыздарына арналып отыр.



Жазушы, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты Ерғали Сағаттың «Қандай сұлу дүние» атты бұл кітабы шағын повесть пен алақандай әңгімелерден тұрады. Олардың өзегі жаңа қоғамдық формациядағы адами құндылықтарды, өмір сүрудің қаншалықты тәтті, қаншалықты қиын екендігіне қарамай дүниенің сұлулығын, өмірдің қадірін білуге, бағасын құрметтеуге үндеп, адамгершілікті, отаншылдықты дәріптейді. Қыска әңгімелерінің айтары өсиетті, ойы шымыр, жеңіл оқылады.