«Бір ел – бір кітап – 2020» республикалық акциясы

Жыл кітабын бірге таңдайық, құрметті оқырман қауым!

2020 жылы ел болып оқиық:

Абай Құнанбаев шығармалары

Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары.

Дауыс берейік, достар!

Пікірлеріңізді 1 немесе 2 санын қойсаңыздар.


«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2013.

Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағын оқимыз 

21 ақпанда ҚР Ұлттық  академиялық кітапханасында 2013 жылы халық жаппай оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясының ұйымдастыру комитетінің отырысы болып өтті. Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің көпшілігі өз дауыстарын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың поэзия үшін берді. Акцияның кітабы ретінде ақынның «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.


«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2014.  Жыл кітабы таңдалды.

Ұлттық академиялық кітапханада 4 ақпанда 2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды. 


Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 


«Бір ел – бір кітап» - 2019

Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын жалпы оқуға ұсынады. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ОАК қызмет көрсету бөлімінде және оқу залында тақырыптық сөре жұмыс істейді, онда акция туралы ақпарат берілді, келушілердің назарына Қазақстанның екі көрнекті жазушыларының: Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың поэтикалық шығармалары ұсынылды. 

Акция ағымды жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасады.