Қозыбаев Манаш Қабашұлы

(1931 – 2002)

Меңдіқара аудандағы Тазкөл ауылында туған. 1953 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетін аяқтағаннан кейін Қостанай мұғалімдер институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 1958 – 1974 жылға дейін оның ғылыми қызметі СОКП ОК жанындағы марксизм Институтының Қазақ филиалымен байланысты болды, мұнда ол аға ғылыми қызметкер, ғалыми хатшы, сектор меңгерушісі болып еңбек етті.

1974 – 1979 жылдары – Алматы зоотехникалық –мал дәрігерлік институтының, одан кейін С. М. Киров атындағы ҚазМу жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі. 1986 жылдан – Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, содан кейін институт директоры.

М. Қ. Қозыбаев ғұмырының үлкен бөлігін энциклопедиялық білімнің таралуына арнады. Ол әзірлеген материалдар отандық та, сол секілді әлемдік те баспалардың Қазақстан туралы анықтамалық – ақпараттық жарияланымдарына негіз болды.

Академик М. Қ. Қозыбаев Қазақстан тарихының «ақтандақтарын» зерттеуге сүбелі үлес қосты. Ол 800-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның авторы. Академиктің еңбектері көптеген жақын және алыс шетелдерде шыққан.

Академияның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығын, 1995 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, 1997 жылы ел Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын (берілді) алды. Қостанай қаласының құрметті азаматы.


Оңайбаев Мырзалы Қасымханұлы

(1943 – 2006)

Ұзынкөл ауданының Обаған ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысы уақытында 1943 жылы туған. Қарапайым отбасында төрт ұл болды: Төкен, Мырзаш, Кәпен, Мырзалы. Ол үшінші бала болды. Обағанның 7 классын бітіріп, Боровскойдағы Меңдіқара педучилищесіне түсіп, 1959 жылдан 1963 жылға дейін оқыды. Төтірнші курста оқып жүріп, Мырзалы сол оқу орнының студент қызы Мәрзияға үйленді. Жас мұғалімдерді Жетіқара ауданына «Житикаринский» совхозына жұмысқа жіберді, сол жерде Мырзалы қазақ тілінен сабақ берді. Сырттай Уральский педагогикалық институтінің тарихи- филологикалық факультетінде оқыды. 

1967 жылы Оңайбаевтар отбасы еліне қайта оралды. Бұл жерде олар мектепте жұмыс істейді, ал содан кейін Мырзалыны «Россия» совхозының жұмыскерлер комитетінің төрағасы етіп сайланды.

 1968 жылы Комсомол ауданына көшті, онда 8 жылдық Тастыөзек мектебінде оқу меңгерушісі болып істеді.

1979 жылдың қарашасында Мырзалы Қасымқанұлы коммунистік партияның қатарына кірді. 1980 жылы КазССР-дің Білім Министрлігі оны «Отличник народного просвещения КазССР» белгісімен марапаттайды. Көп ұзамай Мырзалы Қасымқанұлы «Коммунизм таңы» газетіне Қарабалық және Федоров аудандары бойынша тілші ретінде жұмысқа шақырылды. 1987 жылы  Мырзалы Қасымқанұлы Қазақстан журналистерінің Одағының мүшесі болды.  «Коммунизм таңы» газетіндегі жұмыс қиындау болғанымен, бір жағынан қызықты болды. 1992 жылы оны білікті журналист ретінде Боровской ауданына «Меңдіқара үні» газетіне редактор (сол кезде мемлекеттік және орыс тіліндегі екі газет «Сельские вести» біріктірілген болатын) болып ауыстырылды. Сол уақыттан Мырзалы Қасымқанұлы 2006 жыл бойынша аудандық газетті басқарды.

Мырзалы Қасымқанұлы жастайынан белсенді өмір сүрді.  Шығармашылық қабілетімен, жақсы дене бітімінің дайындығымен көзге түсті. Бұған аудандық спартакиадалардан дистанцияға секіруден алған көптеген дипломдары бар екендігі куә болуда. Ол аудандық және облыстық көрсетілім – фестивальдарының өзіндік шығармашылығының қатысушысы ретінде дипломдар мен құрмет грамоталарының иесі. Оны бірнеше рет ұстаздардың тамыз конференциясындағы мәндік баяндамалары  үшін грамоталармен марапатталды. Халық шығармашылығының ІІ Жалпыодақтық фестивалінің лауреатына дейін Тастыөзек селолық клубының өнерпаздықтың қатысушысының жолын өтті. Мырзалы Қасымқанұлы әлденеше рет облыстық айтыстарда Меңдіқара ауданының ар-намысын қорғады.

Ол өзінің барлық өмірі ішінде сөзге ие болу өнеріне шаршаусыз жетті, ұрпақтарына: «Қарыздарды қайтарамын»,  2000 жылғы басылым. «Халық, олар көркем жасалған заттың негізін туындатқан» 2004 жылғы басылым, ол Қазақстан мен қазақстандықтарды, шағын отанымызды танытып отыратын керемет кітаптарды қалдырды.


Сухенко Василий Никифорович

1924 жылы 20 қазанда Қостанай облысының Меңдіқара ауданының Введен ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 18 тамызда Қызыл Әскерге шақырылған болатын. Златоустовский училищесінде оқығаннан кейін сержант атағында 1943 жылы наурызда майданға бағытталған болатын. 1943 жылдың 17 шілдесінде соғысқа кірді.  1943 жылдың 13 қарашасында Қызыл Әскерден Василий Никифорович босатылды. Соғыстан кейін ол кісі суретке түсірумен айналысты. 1964 жылдан бастап 1974 жыл бойынша аудандық газетте фотокорреспондент болып жұмыс істеді. Зейнеткерлікке дейін екі жыл жас техниктердің станциясында балаларға фото кино сабақтарын берді. 1979 жылдан бастап зейнеткерлікте. Марапаттар:  Отечественной войны 1 степени ордені, «За боевые заслуги» медалі, «За доблестный труд» медалі, «За освоение целинных земель» медалі, «За отвагу»  медалі. Маршал Г. К. Жуковтың алғыс хаты мен мерейтойлық медальдар. Қазіргі уақытта Боровское ауылында тұрып жатыр. Үш баласы, 8 немересі, 4 шөбересі бар.

Поляков Александр Васильевич

Өмірбаян

Мен 1936 жылдың 3 желтоқсанда Боровской ауылында тудым. Әкем сол уақытта аудандық есептік басқармасында қатардағы шенеулік болып жұмыс істеді. Шешем үй шаруашылығымен айналысты. Көп балалы отбасында өстім: жеті ұл, бір қыз болды. Боровской орта мектебін бітірдім. Пионер болды, комсомол қатарында тұрды. Мектептен кейін Челябі қаласының №1 техникалық училищесінде оқыдым. Токарь – әмбебап мамандығын алдым. Закавказьяда әскерде болдым. Радист – радиотелеграфист жұмысын атқардым. Әскерден кейін бізді радистерді Баку қаласына жұмыс істеуге қалдырды, бірақ мен Қазақстанға оралдым. Ол уақытта мен баянда жақсы ойнадым. Отбасымыз өнерлі болды. Бәрімізде аспаптарда ойнадық. Әкем табиғатынан гармоншы болды. Соғыс уақытында отбасымыздағы жалғыз қыз 15 жасар Надежда АМҮ-де би билеген. Әскерден кейін ағаммен бірге токарь болып істейін деп едім бірақ жолым болмады. Биге келіп, қолыма баян алдым, солай Мәдениет үйінде баяншы болып қалдым.  Мәдениет жүйесінде 5 жыл жұмыс істедім, 10 жыл Меңдіқаралық педучилищесінде ән мен музыка пәнінен сабақ бердім. Рудныйға бармай, Боровскойда қалып, жаңа ашылған балалар музыкалық мектебінде баяннан дәріс бердім.

Сырттай екі жарым жыл Магнитогорск музыкалық училищесінде оқыдым. Отбасылық жағдайымен оқуымды аяқтай алмадым. Бірақ та мен өмір бақи білімімді шыңдадым. Соның нәтижесінде мен өнер мектебінің оркестр классында сабақ бердім. 

Жұмыс бабында аранжировка, өңдеу, шығармашылықпен айналасуға қажет болды. Менің көп шәкірттерім кәсіби музыканттар болды.

Баяншылар-аккордеонистер оркестрі облыстық конкурсттарда талай жүлдеге ие болды. Ұстаздардың эстрадалық оркестрінің жетекшісі болдым. Музыкалық аспаптардың күйіне келтірушінің жұмысын атқардым.

Өткен уақытқа көз жүгіртіп, ойға қаласын, мамандықты таңдағанда дұрыс жолды таптым.  Жұмысымды ынтамен істедім.

1997 жылы зейнеткерлікке шықтым.

Менің еңбегім грамоталарымен марапатталды.

Марапаттар: 1. ОК ОЛКЖҰ грамотасымен

                    2. «Победитель соцсоревнования» белгісі

                    3. «Ветеран труда» медалі

                    4. «Отличник образования РК» белгісі

Зейнеткерлікте шығармашылықпен айналыстым, өлең шығара бастадым, частушкалар, эпиграммалар, әзіл-сықақтар мен анекдоттар жаздым. Солардың бәрі де газетте жарияланды.

 

                                                                            Құрметпен, А. В. Поляков