Болатов Батый
(1919, Қостанай уезінің Қаратал болысының № 3 ауылы – 2005, Михайлов ауылы), Жаңа-жол ауылдық кітапханасының кітапханашысы. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1939-1946 жылдары Карель майданының 61 саптық Қызыл Тулы полкінің 45-ші саптық дивизиясында қызмет етті. Соғыстан кейін әр түрлі учаскелерде жұмыс істеді. Жаңа-Жол ауылдық кітапханасын 1960 жылы қабылдап, 19 жыл (1960-1979) жұмыс істеді. Әр түрлі қоғамдық жүктемелерді орындап, сайлау науқанына белсене қатысты. «Ерлігі үшін», «Кеңестік Заполярьені қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Бейбіт уақытта мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Жақсы отағасы, әйелімен, мамандығы бойынша мұғалім болған, жеті бала тәрбиелеп өсірген.

 


 



Уәлиахметов Сәбит Қожахалямұлы (03.11.1934, Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылы-ақпан 2006, Ақсуат ауылы). Орта мектепті бітіргеннен кейін бухгалтерлік курсты бітіріп, Михайловта, Долбушкада мамандығы бойынша жұмыс істеді. Ал 1964 жылы Ақсуат ауылдық кітапханасын қабылдап, 34 жыл (1964-1998) жұмыс істеді. Оның жұмысы барысында кітапхана жұмысының барлық бағыттары бойынша аудандағы ең үздік кітапхана болды. Оған  «Үздік жұмыс кітапханасы» атағы берілді және жыл қорытындысы бойынша жыл сайын атағы расталып отырды. Жұмысты клуб, мектеп, партия және комсомол ұйымдарымен бірге жүргізді. Ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысып, бірнеше рет ауылдық кеңес депутаты болып сайланды және депутаттық топты басқарды. Адал еңбегі үшін: «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен және мәдениет бөлімінің, облыстық мәдениет басқармасының көптеген мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 


Меңдіқара

Меңдіқара ауданы

 

 

Меңдіқара ауданы 1930 жылдың   желтоқсан айының  17 жұлдызында құрылған, Қостанай облысының солтүстік бөлігнде орналасқан.  Ауданның жер көлемі 6,6 мың шаршы шақырымды құрайды. Аудан әкімшілігі 12 селолық округі мен аудан орталығынан тұрады.

Қазіргі кезде ауданда 26161 адам тұрып жатыр. Аудан халқын негізінен екі ұлт – қазақтар (41%) және орыстар (40%) құрайды. Тұрғындардың қалған бөлігі украин, белорус, неміс, татар және басқа ұлыстан тұрады. Тұтастай алғанда Меңдіқара жері халықтың 30 ұлт пен ұлыстан астам өкілдерінің туған жері болып отыр.

Меңдіқара ауданының орталығы Боровское селосы. 1881 жылы Челябі уезінің шаруасы Игнат Семенов Қостанай уезіне қоңыс аударып, «Қарағайлы» атты қазақ аулының орнына заимка салған. Кеін бұл село Меңдіқара ауданының орталығы болып белгіленді.

Аудан жерінде тарих пен археология ескерткіштері куәландыратынындай, біздің ауданымыздың аумағында адамдар сонау біздің заманымызға дейінгі 5-3 мыңжылдықтарда, яғни неолит дәуірінде өмір сүрген. Ауданда мұндай 10 қоныс орны белгілі.

Ауданның назар аударарлықтай ерекшеліктерінің бірі орманды алқаптарының барлығы, су көздеріне де бай, пайдалы қазбалар да бар.

Аудан аты сол елде кезінде әділ би болған Меңдіқара деген кісінің есімімен аталған. Аудан атымен байланысты есім жайындағы тарих та қызықты. Сарықамыс көлінің маңын мекен еткен қайырымы мол Меңдіқара би туралы аңыз ауыздан-ауызға таратылып келеді. Ол еңбекқорлығымен және жан жомарттығымен ерекшеленген. Байлам-пікірлерінің әділдігі мен тапқыр да өткір ойлылығы үшін тайпалас-руластары оны халық биі деп таныған және түрлі кикілжің-дауларды шештіруге оған жүгінген. Бүгінде әрбір меңдіқаралық үшін «Меңдіқара» сөзінің тарихи мәні бар және туып-өскен жерлері ретінде сондай ыстық.