Жиырмасыншы ғасырдың басында Ыбырай Алтынсариннің бастамалығымен екі жылдық орыс-қырғыз училищесі ашылды. Алғаш рет Боровской аумағында кітапхана пайда болды. Кітапхана училище жанында ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі қызметін священниктің ұлы Василий Дроздов атқарды. Бұл оқулық кітапханасы болатын. Кітапхана қызметін тек училище оқушылары пайдаланды.

 Қазақстан аумағында революциядан кейін мемлекет сауатсыздықты жаппай жою жұмысына кірісті. Барлық елді мекендерде жаңа мектептер, сауатсыздықты жою пункттері, мәдени – ағарту мекемелері ашыла басталды. Мәдени құрылыстың бөлінбес бөлігі кітапхана салу болды. 1920 жылдың 19 наурызында Кустанай уездік Атқару Комитетінің Президиумі РКП жанашарларына Татьяновка селосындағы бұрынғы Татаевтың лавкасында халық үйін ашуға рұқсат берді. (1).

 1921 жылдың шілде айында Қазақ АССР Бассаясиағарту губсаясиағартуларға циркулярлы хат жолдады: «КАССР саясиағарту жұмыстарының тұралап қалмауына және сауатсыздықты жою мақсатында, Қазақ АССР саясиағартуларға әр елді мекенінде оқу – үйлерін ашу» (2).

Толығырақ